Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!
• Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі — Департамент) және Департаменттің барлық аудандық басқармалары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «e-Otinish» бағдарламасы, «eGov» электрондық үкімет веб-порталы және қолма-қол тапсыру арқылы қабылдайды.
• Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне келтірілген зиянның нақты фактілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылу фактілері бойынша «e-Otinish» бағдарламасы, «eGov» электрондық үкімет веб-порталы және қолма-қол тапсыру арқылы жүгіне алады. Өтінішке жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алатын дәлелді негіздер мен растайтын материалдар (зертханалық зерттеулер хаттамалары, аспаптық өлшеулер, фото және бейнематериалдар және т.б.) қоса берілуі тиіс.
e-Otinish
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1322205?lang=kk