Айыртау ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

Айыртау ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

Айыртау ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізілді

2026 жылғы 30 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Нуртаева К.Б. Айыртау ауданының мектеп басшыларымен, мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен, шағын орталық әдіскерлерімен  онлайн- форматта мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялаудың  мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына лицензиялаудың нормативтік-құқықтық негіздері, рәсімнен өту тәртібі, негізгі біліктілік талаптары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуына және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар түсіндірілді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қажетті құжаттарды дайындау және ұйымдардың қызметін лицензиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша практикалық түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Департаменттің мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1322196?lang=kk