2026 жылғы 27 қазанда «№2 Бескөл орта мектебі» КММ-де ауыл мектептерінің оқушыларына арналған «Айқанат» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға аудан мектептерінен 194 оқушы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептеріндегі дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, олардың білім деңгейін арттыру, зияткерлік әлеуетін дамыту және жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін кеңейту.
Іс-шара барысында «Айқанат» олимпиадасының өкілдері қатысушыларды олимпиаданың өткізілу тәртібімен және ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектестік білдірді.