ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина қызметкерлерін қолдауға және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесіндегі учаскелік қызмет мамандарының жалақысын 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін арттыру – медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар елімізде заманауи перинаталдық орталықтар мен көпбейінді балалар ауруханаларын салу жоспарланып отыр. Бұл ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін нығайтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Медицина – адам өмірі мен денсаулығына тікелей жауапты маңызды сала. Сондықтан медициналық инфрақұрылымды дамыту, мамандарды қолдау және тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз.

Түркістан облысында да халық денсаулығын қорғау, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1322187?lang=kk