Қосшы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі ережелер мен басым бағыттарды талқылауға арналған қоғамдық өкілдермен кездесу өтті. Аталған кездесуге Департамент басшысының орынбасары Л.Е. Сартымбетова да қатысты.
Іс-шараға педагогикалық және медициналық қауымдастық өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Жолдауда белгіленген негізгі міндеттер, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметтік саланы жетілдіру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және мемлекеттік басымдықтарды одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесудің құрметті қонақтары:
· Шолпан Таңатқызы Каринова – Қазақстан Республикасы Құрылтайының І шақырылым депутаты;
· Наталья Григорьевна Дементьева – Қазақстан халқы Кеңесінің мүшесі;
· Виктория Вильгельмовна Шегай – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
· Ерлан Ермекұлы Сағынаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, қала тұрғындары үшін өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.