Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет!
Бүгін, ауылдық кітапханада Егінді ауылы әкімдігінің ұйымдастыруымен бюджеттік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары және құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын сақтау – әрбір қызметшінің басты міндеті екендігі атап өтілді.
Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарына жауап алды.
✅ Осындай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-egindi/press/news/details/1322179?lang=kk