Интернет-алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері мен әкімдік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, жалған қоңыраулар мен хабарламалардан сақтану жолдары, сондай-ақ банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз тұлғалардың ұсыныстарына сенбеу және жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау жөнінде профилактикалық кеңестер берілді. Мұндай түсіндіру жұмыстары тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алуға бағытталған.
Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1322175?lang=kk