ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

🏢 Түркістан облысы әкімдігінің басқармалар үйінде орналасқан азаматтарды қабылдау орталығында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқарма басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

👥 Қабылдауға 10-нан астам азамат тіркеліп, денсаулық саласына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын тікелей жеткізді.

💬 Кездесу барысында әр азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, құзыретіне қарай тиісті шаралар қабылдау және мәселелерді зерделеу бағытында тапсырмалар берілді.

🤝 Азаматтармен тікелей байланыс орнату – білім саласындағы өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

📋 Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселе тиісті деңгейде зерделеніп, берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1322171?lang=kk