Эпидемиялық маусым кезінде халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін дәрілер қорына мониторинг жүргізді.
Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінің (бұдан әрі – ТЦТҚЖ) деректеріне сәйкес, аталған дәрілік заттардың жалпы қоры шамамен 122 млн қаптаманы құрайды.
Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын бағалау үшін өткен жылдың осы кезеңіндегі дәрілерді тұтыну көлемі мен қазіргі қорларға салыстырмалы талдау жүргізілді.
Атап айтқанда, 2025 жылғы қазан-желтоқсан айларында сұранысқа ие жекелеген дәрілерді тұтыну көлемі төмендегідей болды:
- «Флувир» 75 мг – 127 013 қаптама;
- «Флукап» – 45 935 қаптама;
- «Нимесил» – 165 850 қаптама.
Ал 2026 жылғы қыркүйек айындағы жағдай бойынша ТЦТҚЖ деректеріне сәйкес, аталған дәрілер қоры:
- «Флувир» 75 мг – 493 097 қаптама;
- «Флукап» – 489 712 қаптама;
- «Нимесил» – 3 159 121 қаптама.
Осылайша, аталған дәрілердің қазіргі қоры өткен жылдың осы үш айындағы тұтыну көлемінен жоғары.
Сонымен қатар, 2026 жылғы қазан айында Фармация комитеті ірі көтерме сауда дистрибьюторлары мен дәріхана желілерінің өкілдерімен жұмыс отырысын өткізді.
Отырыс барысында фармация нарығының өкілдері дәрілік заттар қорының жеткілікті екенін және сұранысқа ие дәрілерді үздіксіз жеткізуге дайын екендіктерін растады.
Отырыс қорытындысы бойынша дистрибьюторлардың қоймаларында және дәріханаларда дәрілік заттар мен медицина бұйымдарының нақты қорын апта сайын тексеріп, толық есепке алу туралы келісімге қол жеткізілді. Әсіресе эпидемиялық маусымда сұраныс артатын вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін дәрілер мен антибиотиктер қорына ерекше назар аударылады.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде Фармация комитеті қазіргі уақытта дәрілік заттар қоры халықтың алдағы кезеңдегі қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтеді. Дәрілерді тұтыну көлемі қазіргі деңгейде сақталып, олардың қоры уақытылы толықтырылып отырса, аталған препараттар бойынша тапшылық туындамайды.
Фармация комитеті фармация нарығы өкілдерімен бірлесіп, сұранысқа ие дәрілер қоры мен олардың халықға қолжетімділігіне мониторинг жүргізуді жалғастырады.