31 қазанда Tengri Tyres компаниясы мен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің бірлескен спартакиадасының алғашқы кезеңі өтті.
Спорттық жарысқа кәсіпорын қызметкерлері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Қатысушылар волейбол, баскетбол, үстел теннисі, дартс және пневматикалық винтовкадан нысана көздеу бойынша өзара бақ сынап, спорттық шеберліктері мен командалық бірліктерін көрсетті.
Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпорын мен білім беру ұйымы арасындағы әріптестік байланысты нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді.
Спартакиаданың ерекше маңыздылығы – әртүрлі буын өкілдерін, яғни кәсіпорын қызметкерлерін, студенттер мен оқытушыларды ортақ спорттық мүдде мен жеңіске деген ұмтылыс төңірегінде біріктіруінде.
Жарыстың келесі кезеңі 7 қарашаға жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша жекелеген спорт түрлерінен жеңімпаздар анықталып, жалпы командалық есептің нәтижелері шығарылады.
Бірлескен спартакиада өндірістік ұжым мен жастар арасындағы өзара байланысты нығайтудың тиімді алаңына айналып, қатысушыларды салауатты өмір салты, өзара құрмет және командалық жұмыс құндылықтары төңірегінде біріктіреді.