Өскеменде жаңа көлік айрығының бір бөлігімен қозғалыс ашылды

Өскеменде жаңа көлік айрығының бір бөлігімен қозғалыс ашылды

Өскеменде жаңа көлік айрығының бір бөлігімен қозғалыс ашылды

Өскемен қаласында Сәтпаев даңғылы мен Базовая, Жібек жолы және Есенберлин көшелерінің қиылысындағы жаңа көлік айрығының бір бөлігі арқылы көлік қозғалысы іске қосылды. Қазіргі уақытта Қаныш Сәтпаев көшесі бағытына қарай қозғалыс ашылды.

Қозғалыс ашылар алдында ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жол өткелінің ашылған бөлігінде көлік ағынын ұйымдастыру тәртібін, қажетті жол белгілері мен реттеу құралдарының орнатылуын тексерді. Жаңа қозғалыс сызбасы бойынша көлік құралдарының қауіпсіз өтуіне ерекше назар аударылды.

Жол өткелінің ашылған бөлігінде жол белгілері мен қосымша сигналдық бағандар орнатылған. Қозғалыстың рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы – сағатына 40 шақырым.

Көлік айрығын абаттандыру және құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ауа райы қолайлы болған жағдайда жол өткелінің екінші бөлігімен, Есенберлин көшесі бағытына қарай қозғалысты қараша айының соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Екі бағыттағы толыққанды қозғалыс барлық қажетті жұмыстар аяқталғаннан кейін іске қосылады.

Өңірдің бас полицейі жүргізушілерді барынша мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға және жол жүрудің уақытша сызбасын ескеруге шақырды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1322151?lang=kk