Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткені баршамызға белгілі.
Жолдау - еліміздегі саяси оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи, сараланған стратегиялық құжат. Еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызды бағдар болып табылады, ауқымы кең, көтерілген мәселелердің өзектілігі және ұсынылған шаралардың маңызы ерекше. Жолдауда саяси және әлеуметтік-экономикалық дамумен байланысты бірқатар сала қамтылды.
Президент бірнеше атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп, Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға ерекше мән берілетіндігін, ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыру қажет деп, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталатындығын атап өтті. Бұл бағдарлама азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ деп, ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырды.
Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда, қуатты әлеуетімізді инфрақұрылымды жаңғыртуға, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттау қажеттігін, логистика инфрақұрылымын дамытуға да баса мән беру керектігін атап өтіп, республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық жолдарды сапалы салуға қатысты да аса маңызды міндет тұр, сонымен бірге жаңа электр станцияларын салып, қолданыстағы нысандар мен электр желілерін жаңғыртуға тиіспіз деді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту ісіне де баса мән беру керектігін, экономиканың негізгі салаларын дамыту үшін өнімді терең өңдеумен айналысатын, еңбек өнімділігін арттыратын жобаларға басымдық берген жөн деп орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндеті тұрғанын атап өтті. Экономикада цифрландыруды іс жүзінде қолдануға бағытталған нақты шаралар бағдарламасын әзірлеу қажет. Цифрландырудың келесі кезеңінде қолжетімділікті қамтамасыз етуден мүмкіндіктер аясын кеңейтуге көшуіміз керек деді. Сондай-ақ, Жолдауда басқа да бірқатар мәселелер қамтылды.
Жолдау осы маңызды міндеттерді іске асыруға жасалған маңызды қадам. Елімізде экономиканы дамытуға бағытталған көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында көтерілген міндеттер кезең-кезеңімен орындалуда. Биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау үлкен жауапкершілік жүктейді. Маңызды бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын Жолдау - мемлекет дамуының бағыттарын нақтылап, міндеттердің жүзеге асырылуына елеулі үлес қосып, өзекті мәселелер шешімін табатынына сеніміміз мол.