Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі К. М. Бейсенбеков Астана қаласында өтіп жатқан «Адам саудасына қарсы іс-қимыл: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі» тақырыбындағы тренингке қатысуда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі К. М. Бейсенбеков Астана қаласында өтіп жатқан «Адам саудасына қарсы іс-қимыл: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі» тақырыбындағы тренингке қатысуда.
Іс-шара Еуропа Кеңесінің жобасы аясында ұйымдастырылып, адам саудасының құрбандарын анықтау, зардап шеккендердің құқықтарын қорғау және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық баяндамашының функциялары жүктелді. Осыған байланысты қабылданып жатқан шараларға мониторинг жүргізу, зардап шеккендерді қорғау тетіктерінің тиімділігін бағалау және адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мәселелерінде Омбудсмен институтының әлеуетін нығайту ерекше маңызға ие.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1322137?lang=kk