30 қазанда Астана қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Нұрлыбеков Есіл және Нұра аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Кеңестің тақырыбы: «Салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау».
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерді орындау кезінде де, қызметтен тыс уақытта да Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау, адалдық, бейтараптық және кәсіби әдеп қағидаттарын ұстану қажеттігі атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен зықметтік әдеп нормаларының сақталуы мәселелері бойынша кеңес өтті
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1322136?lang=kk