Департамент басшысы білім беру ұйымдарының бірінің қызметкерін жеке қабылдады. Қабылдау барысында білім беру ұйымындағы қызметкерлер мен басшылық арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесі қаралды.
Кездесу барысында өтініш беруші басшылықпен және әріптестерімен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне, еңбек ұжымындағы моральдық-психологиялық жағдайды, сондай-ақ қызметтік қарым-қатынастың жекелеген аспектілеріне қатысты мәселелерді көтерді.
Департамент басшысы өтінішті мұқият тыңдап, баяндалған мән-жайлармен танысып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді. Атап айтқанда, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, әріптестер арасында өзара құрмет пен әдептілікті қалыптастыру, басшылық пен қызметкерлер арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс барысында жанжалды жағдайларға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар өзара сыйластыққа, сенімге, ашықтыққа және кәсіби әдеп қағидаттарын сақтауға негізделген білім беру ұйымындағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша өтініш берушіге қажетті түсініктемелер мен көтерілген мәселелерді одан әрі реттеу бойынша ұсынымдар берілді.