Қарағанды облысында Балқаш-2 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Қарағанды облысында Балқаш-2 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Қарағанды облысында Балқаш-2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. 1976 жылы салынған ғимарат жолаушылар үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған кешенді жаңартудан өтті.

Қайта жаңғырту аясында жалпы ауданы шамамен 2 мың шаршы метрді құрайтын вокзалдың екі қабатты ғимараты жаңартылды. Нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау жүйелері толықтай жаңартылды. Жолаушылар инфрақұрылымына ерекше назар аударылды: жағалау перронының темірбетон конструкциялары ауыстырылып, жаңа тас төсем төселді. Сонымен қатар қосымша эвакуациялық жолдар жабдықталып, өрт қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес есіктер орнатылды.

Балқаш-2 станциясының вокзалы II санатқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 800 адамды құрайды. Станция арқылы Балқашты Астана, Қарағанды, Семей және Аягөз қалаларымен байланыстыратын 18 жолаушылар пойызы қатынайды.

Вокзалды қайта жаңғырту қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылардың жайлы жағдайда болуын қамтамасыз етуге және өңірдегі теміржол қатынасын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Вокзалдарды жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілуде. Қарағанды облысында бағдарлама 14 вокзалды қамтиды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1322124?lang=kk