Туляремияның алдын алу: нені білу қажет

Туляремияның алдын алу: нені білу қажет

Туляремия - Francisellatularensis бактериялары тудыратын жедел табиғи-ошақты жұқпалы ауру. Адам ағзасына қоздырғыштың ену жолына байланысты жұқтыру орыналады. Маңыздысы - туляремия адамнан адамға жұқпайды.

Табиғатта аурудың негізгі таратушылары - кеміргіштер: тышқандар, су егеу құйрықтары, ондатрлар, қамысты егеу құйрықтар және хомяктар. Туляремияның ерекшелігі - адамның дерлік 100% сезімталдығымен қатар, инфекцияның берілу жолдарының көптігі.

Жұғу жолдары - жәндіктердің шағуы арқылы (масалар, кенелер, сона); ауру жануарлармен байланыста болғанда; ластанған су мен тағам арқылы.

Ауру белгілері - жоғары температура, лимфа түйіндерінің қабынуы, терідегі жаралар, пневмония және ішек бұзылыстары. Алғашқы белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге жүгіну қажет.

Алдын алу шаралары арнайы және арнайы емес болып бөлінеді:

Арнайышаралар - вакцинация (эндемиялық аймақ тұрғындарына, аңшыларға, орманшыларға және т.б. арналған).

Арнайы емес шаралар - жәндіктердің шағуынан қорғану, гигиена сақтау, етті термиялық өңдеу, жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болу.

Қарабалық ауданың аумағында туляремия бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда. Дегенмен, көктем-жаз мезгілінде жылсайын профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары аудандық Ұлттық сараптама орталығы филиалының лаборанттарымен бірлесіп туляремия қоздырғышының бар-жоғын зертханалық зерттеу үшін ашық су айдындарынан су сынамаларын алу, кеміргіштерді ұстау, түйіршіктер мен кенелерді жинау жұмыстарын жүргізеді.

Соңғы жылдардағы зертханалық талдаулар нәтижелері бойынша  туляремия қоздырғышы анықталған жоқ. Бұл жүргізіліп отырған бақылау мен профилактикалық жұмыстың тиімділігін көрсетеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-novotroisk/press/news/details/1322118?lang=kk