Хабарландыру

«Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингін жүргізу және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары бойынша жария талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Жария талқылау 2026 жылғы 2 қараша мен 13 қараша аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі.
Сұрақтар, пікірлер, ұсыныстар мен ескертулер жазбаша түрде (ovp-petropavl@sqo.gov.kz электрондық поштасына), сондай-ақ ауызша түрде (46-95-17 телефоны арқылы) қабылданады. Сонымен қатар, пікірлерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізбесіне сілтеме:
https://www.gov.kz/org/sko-petropavl/discussion-documents/details/1271?lang=kk
Анықтама телефоны: 46-95-17.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/news/details/1322114?lang=kk