ДЕПАРТАМЕНТ: ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨТІНШІТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ДЕПАРТАМЕНТ: ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨТІНШІТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Бүгін Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетеніің Түркістан облысы бойынша департаментінде өңір тұрғындарының еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өтініштері тыңдалды.
 
Қабылдау барысында азаматтар еңбек қатынастарына, еңбек шарттарын жасасу және бұзу тәртібіне, жалақының уақытылы төленуіне, еңбек демалысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуына қатысты өздерін толғандырған мәселелерді көтерді.
 
Қабылдау барысында Департаменттің Талдау жұмысы бөлімінің басшысы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы азаматтардың өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер бойынша тиісті құқықтық кеңестер беріліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.
 
Департамент азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1322110?lang=kk