ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР НАЗАРЫНА! 2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ЖАҢА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР НАЗАРЫНА! 2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ЖАҢА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

     2026 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда ұзақ мерзімді берешегі бар заңды тұлғалардың тіркеу деректерін өзгертуге қатысты шектеулер қолданылады.

    ШЕКТЕУЛЕР КІМДЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Шектеулер төмендегі екі шарт бір мезгілде орындалған жағдайда қолданылады:

 Берешек сомасы 45 АЕК және одан жоғары (194 625 теңге) болса;

Берешек туындаған күннен бастап 4 ай ішінде өтелмесе.

    ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ?

Төмендегі деректерді өзгерту кезінде электрондық хабарлама орындалмай қалуы мүмкін:

 Заңды тұлғаның басшысын ауыстыру;
 Заңды мекенжайын өзгерту;
 Экономикалық қызмет түрлерін өзгерту;
 Бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді өзгерту;
 Байланыс деректерін және хабарлама тәртібімен өзгертілетін өзге де тіркеу мәліметтерін өзгерту.

    ҚАНДАЙ БЕРЕШЕКТЕР ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ?

Салық берешегі, кедендік төлемдер, баждар, пайыздар мен өсімпұлдар бойынша берешектер.

    МАҢЫЗДЫ!

Шектеу қоюға сол басшы немесе құрылтайшы тіркелген басқа заңды тұлғалардың әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі де негіз болуы мүмкін.

    ҰСЫНЫМДАР

Тіркеу деректерін өзгертпес бұрын берешектің бар-жоғын тексеріп, оны уақтылы өтеу ұсынылады.

   Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2-бабының оныншы бөлігі.

#законипорядок
#заңментәртіп

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1322109?lang=kk