ШҚО-да ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды

ШҚО-да ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды

     ШҚО-да үш ер адам сатушының назары басқаға ауған сәтті пайдаланып, дүкеннен тауар ұрлаған. Кейін олар ұрланған заттарды базарда сатып, пайда табуға тырысқан.

     Тергеу мәліметінше, ер адамдар қылмысты алдын ала сөз байласып жасаған. Дүкеннен төсек-орын жабдықтарының жиынтықтары мен бес құты антиперспирант ұрланған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 120 мың теңгені құрады.

     Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үш адамның да жеке басын анықтады. Күдіктілер Глубокое ауданының тұрғындары болып шықты.

     Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

     Полиция тұрғындарды жеке мүлкінің сақталуына мұқият болуға, ал кәсіпкерлерді тауарлар мен сауда орындарындағы қауіпсіздікке бақылауды күшейтуге шақырады. Ұрлық фактісіне, күмәнді әрекеттерге немесе құқық бұзушылық туралы өзге де ақпаратқа тап болған жағдайда, бұл туралы дереу "102" нөміріне хабарлау қажет.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1322108?lang=kk