«АСАРЛАТ»: ТАЗАЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЛЕСКЕН БАСТАМА
Кентау қаласында «Асарлат» акциясы аясында тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру және қала тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі тазалық жұмыстары барысында тұрғындар мен жауапты мекеме өкілдері бірлесе отырып, көпқабатты тұрғын үйлердің аула аумағын тазалап, абаттандыруға атсалысты.
«Асарлат» – тек тазалық акциясы ғана емес, тұрғындар арасындағы ынтымақты нығайтып, асар дәстүрін жаңғыртатын игі бастама.