«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық және қалалық кезеңдері басталады

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық және қалалық кезеңдері басталады

Қарағанды облысының арнайы мектептері мен балаларды қолдау орталықтарының және жалпы білім беретін мектептердің жәдігер мұрамызды жадына тоқыған 6-10 сынып оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының аудандық және қалалық кезеңдері 9-20 қараша аралығында өтеді.

Байқауда қатысушылардың өнері мен білімі, ұлттық рухы мен дәстүрге деген құрметі көрінеді деп сенеміз.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

#Тұлпармініп_туалған #АлпамысБатырЖыры

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1322103?lang=kk