«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жанама ауылдық округінде көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, қоршаған ортаны абаттандыру, жасыл желектердің санын арттыру және елді мекеннің эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында ауылға кіреберіс аумақта орналасқан аллеяға ағаш көшеттері отырғызылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және болашақ ұрпаққа жасыл желекке бөленген көрікті ауыл қалдыру.

Туған жердің көркеюіне бағытталған әрбір игі іс – қоршаған ортаны қорғауға және келешек ұрпақтың жарқын болашағына қосылған үлес.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1322101?lang=kk