Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневр жасап, айналасындағылардың өміріне қатер төндірген бейнежазбасын анықтады.
Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, құқық бұзушылыққа қатысы бар 6 жүргізушіні анықтады. Олар 18 бен 32 жас аралығындағы азаматтар болып шықты.
Тексеру барысында кейбір автокөліктерге заңсыз құрылғылар орнатылғаны, ал бірқатар жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарғаны белгілі болды.
Аталған іс бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырылып, заңсыз орнатылған стробоскоптар тәркіленді. Автокөліктер айыптұраққа қойылды.
Жол — жарыс алаңы емес! Полиция жол үстінде қауіпті маневрлер жасап, заң талаптарын өрескел бұзуға жол берілмейтінін еске салады.
Өзгелерге көзге түсу немесе әлеуметтік желіде қаралым жинау үшін адам өміріне қауіп төндіруге ешқандай ақтау жоқ.
Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болыңыздар!