ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бүгін қала әкімі Жандос Тасов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, тұрғын үй, жер телімдері, емхана қызметі, жол инфрақұрылымы және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Әрбір азаматтың көтерген мәселесі мұқият тыңдалып, бірқатары сол сәтте жауапты бөлім басшыларының қатысуымен қаралды. Ал кейбір өтініштер бойынша заң аясында жан-жақты зерделеу жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатын болады.
Қала басшысы көтерілген мәселелердің орындалуы тұрақты бақылауда болатын жеткізді.