Британдық жазушы әрі зерттеуші Ник Филдинг «Ботай» музей-қорығын тамашалады

Британдық жазушы әрі зерттеуші Ник Филдинг «Ботай» музей-қорығын тамашалады

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына британдық журналист, жазушы және Орталық Азия тарихын зерттеуші Ник Филдинг барды.

Сапар барысында ол музей экспозициясын аралап, бірегей археологиялық жәдігерлермен танысты. Зерттеушіге Ботай қонысының Ұлы даланың ежелгі тарихын зерделеудегі маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ Қазақстанның археологиялық мұрасын сақтау, зерттеу және көпшілікке таныту мәселелері сөз болды.

Ник Филдинг Қазақстан мен Орталық Азия тарихына арналған зерттеулерімен және жарияланымдарымен көпшілікке танымал. Сапар аясында Ник Филдинг өңірдің көне тарихын айғақтайтын археологиялық мұрамен жақынырақ танысып, Ботай мәдениетінің Ұлы дала өркениетіндегі орны жөнінде кеңірек мағлұмат алды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1322065?lang=kk