Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдауы – оның мемлекеттік қызметке келу жолындағы маңызды әрі жауапты кезең. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидаларына сәйкес, Мақсұт Томирис Сайранқызы Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, сондай-ақ өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді адал әрі кәсіби деңгейде орындауға ант берді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі ережелері мен қағидаттары таныстырылып, қызметтік әдептің жоғары стандарттарын, жауапкершілік пен кәсібилікті қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мақсұт Томирис Сайранқызын мемлекеттік қызметші антын қабылдауымен құттықтаймыз! Кәсіби қызметіне табыс, толағай жетістіктер және Қазақстан халқына адал қызмет ету жолында сәттілік тілейміз!