ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ТҰРАҚТЫ ОТБАСЫНЫҢ НЕГІЗІ!
2026 жылғы 30 қазанда «Саран қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ «Некеге дейінгі оқыту» жобасы аясында онлайн-форматта «Қаржылық сауаттылық» атты 4-модуль өтті. Спикер Е. Дозморова болды.
Қатысушылар отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлауды, кірістер мен шығыстарды бөлуді, жинақтауды қалыптастыруды, несиелік міндеттемелерді бағалауды және қаражатын қаржылық алаяқтықтан қорғауды үйренді.
Қаржылық шешімдерді бірлесіп қабылдауға және отбасылық бюджетке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Қаржылық сауаттылық - жас отбасының әл-ауқаты мен тұрақтылығына жасалған маңызды қадам!