ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ОБЛЫС ӘКІМІНЕ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ОБЛЫС ӘКІМІНЕ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер, инфрақұрылым және өзге де өзекті мәселелерді көтерді.

Өңір басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне мәселелерді заң аясында зерделеп, оларды шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Бірқатар өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Айта кетейік, облыс әкімі аудандарға жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке қабылдап, олар көтерген түйткілдерді кезектілік тәртібімен шешуге назар аударып келеді.

Облыс әкімі мен оның орынбасарлары жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізеді. Жеке қабылдауға жазылу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға eGov.kz порталы, «Е-Өтініш» бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазылуға болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1322045?lang=kk