2027 жылға арналған кәсіптік оқытуға өтінімдерді қабылдау

2027 жылға арналған кәсіптік оқытуға өтінімдерді қабылдау

🔗 Жұмыс берушілер Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы 2027 қаржы жылына қызметкерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға өтінім бере алады. 
🗓️ Өтінімді беру мерзімі: 2026 жылғы 5 қазаннан 1 қарашаға дейін
Кәсіптік оқытуға:
✅ кәсіптік даярлау;
✅ жаңа кәсіп (мамандық) алу үшін қайта даярлау;
✅ әрі қарай жұмысқа орналастырумен біліктілікті арттыру кіреді. 
💼 Аталған мүмкіндік жұмыс берушілерге қажетті кадрларды даярлауға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және кәсіпорынның кәсіби мамандарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жол береді.
📌 Осы мерзім аяқталғаннан кейін өтінімдерді қабылдау 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта қалпына келтіріледі.
Кадрларды келесі жылға кәсіптік оқытуға алдын ала жоспарлау мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1322030?lang=kk