2026 жылғы 27 қазанда Саран қаласында «Некеге дейінгі оқыту» жобасы басталды

2026 жылғы 27 қазанда Саран қаласында «Некеге дейінгі оқыту» жобасы басталды

Спикер Саран қаласының отбасын қолдау орталығының психологы Н.А. Пустовалова болды. Онлайн форматта «Отбасылық өмірдегі серіктестік және жауапкершілік» тақырыбында жас жұбайларға арналған алғашқы модуль өткізілді.
Кездесу барысында Отбасылық қатынастардағы өзара түсіністік, сенім, құрмет және жауапкершілік мәселелері талқыланды. Қатысушылар ашық диалогқа қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мықты отбасы - гүлденген қоғамның негізі!

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1322010?lang=kk