«Ұлттық ономастика – ел айнасы» облыстық байқауында Уәлиханов ауданының командасы І орын иеленді

«Ұлттық ономастика – ел айнасы» облыстық байқауында Уәлиханов ауданының командасы І орын иеленді

2026 жылғы 28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық байқау өтті.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде өткен байқаудың негізгі мақсаты – ономастика саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, географиялық нысандарға атау беру және қайта атау жұмыстарын жетілдіру, сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу.

Байқауға облыстың жергілікті атқарушы органдарында тіл саясаты және ономастика мәселелерімен айналысатын мамандардан құралған төрт команда қатысты. Солардың қатарында Уәлиханов, Жамбыл аудандары мен Петропавл қаласының өкілдерінен жасақталған «Атау аманаты» командасы да болды.

Бірнеше кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар өздерінің кәсіби білімін, ізденісін, тарихи деректермен жұмыс істеу және ономастика саласындағы заңнамалық талаптарды білу деңгейін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Атау аманаты» командасы І орынға ие болды!

Бұл жетістік – мамандардың кәсіби біліктілігі мен ізденісінің, туған өлкенің тарихы мен ұлттық құндылықтарына деген құрметінің нәтижесі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жұмыстарына табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ovp/press/news/details/1321992?lang=kk