2026 жылғы 30 қазанда қазақстандық Qosyl платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның комитеттері мен аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған «Сыни ойлау құқықтық мәдениеттің элементі ретінде» тақырыбында вебинар өткізілді.
Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Қайыржанұлы Бурбаев сөз сөйледі.
Вебинар барысында құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастыру, заңдылық қағидатын сақтау, құқықтық нигилизмнің алдын алу, сондай-ақ құқықтық ақпаратты сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды.
Цифрлық сауаттылық, дербес деректерді қорғау, жалған ақпарат пен цифрлық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кәсіби қызметте жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жұмысындағы сыни ойлаудың маңыздылығы, оның ішінде ақпараттың дұрыстығын тексеру, заңнаманы дұрыс қолдану және цифрлық технологияларды пайдалана отырып қабылданатын шешімдердің негізділігін бағалау қажеттілігі атап өтілді.
Вебинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен кәсіби құзыреттілігін арттыру, ақпаратты объективті талдау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізделген шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
#ЗаңМенТәртіп #ЗаконИПорядок #ҚұқықтықМәдениет #СыниОйлау