Сандықтау ауданында полицейлер құны 7 миллион теңге болатын John Deere 9500 комбайнынан жиынтық бөлшектері ұрлығын анықтады. Күдікті ұрланған заттарды сатпақ болған, алайда жоспарлары жүзеге асырылмады — барлық бөлшектер табылып, тәркіленді.
Ұрлық туралы арыз полицияға 27 қазанда жергілікті ЖШС-нің бірінің директорынан келіп түсті. Кәсіпкердің айтуынша, 1 қазанға қараған түні белгісіз адамдар дала бригадасының аумағына кіріп, ауыл шаруашылығы техникасынан құрамдас бөліктерді ұрлап кеткен. Шығын 7 миллион теңгені құрады.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Шантөбе ауылының тұрғыны болып шықты. Айыпталушының айғақтарына сәйкес, ұрланған бөлшектерді іске асырмақ болған және қолайлы жағдайды күткен. Тінту шаралары барысында полицейлер ұрланған барлық бөлшектерді тапты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленуде.
Ақмола облысында комбайнның 7 миллион теңгеге қосалқы бөлшектері ұрлығының беті ашылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1321987?lang=kk