Қандыағаш қаласында Тәуелсіздік даңғылынан «Алан» базарына дейінгі автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жоба аясында 490 метр жол белгіленген талаптарға сәйкес жөнделді. Жөндеу жұмыстарын «Жем Ақберген Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы атқарды.
Жұмыс барысында жолдың қолданыстағы жабындысы қайта өңделіп, асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар жол жиегі қалыптастырылып, нығайтылды және жол таңбалары толық сызылды.
Жаңартылған жол тұрғындар мен көлік қозғалысы үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.