Балалар онкологиясы мен гематологиясы, ауруларды ерте диагностикалау және білікті медицина кадрларын даярлау – денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі.
Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Балалар аурулары №2» кафедрасының меңгерушісі, балалар онкогематологі Арыстан Досымов айтып берді.
Маман кафедраның қызметі, болашақ педиатр дәрігерлерді даярлау және медициналық білім беру саласының практикалық денсаулық сақтау жүйесімен өзара байланысы туралы баяндады. Сондай-ақ дәрігерлердің клиникалық тәжірибесін жетілдіру мен кәсіби білімін үздіксіз арттырудың маңызын атап өтті.
Уақтылы диагностика, медицина мамандарының кәсіби даярлығы және білікті медициналық көмектің қолжетімділігі – балалардың денсаулығын сақтаудың маңызды шарттары.