📌 МАЛЫНАРЫМКА АУЫЛЫНДА ӨТКЕН ТҰРҒЫНДАР ЖИЫНЫ: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОРТАҚ ШЕШІМДЕР

📌 МАЛЫНАРЫМКА АУЫЛЫНДА ӨТКЕН ТҰРҒЫНДАР ЖИЫНЫ: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОРТАҚ ШЕШІМДЕР

📌 МАЛЫНАРЫМКА АУЫЛЫНДА ӨТКЕН ТҰРҒЫНДАР ЖИЫНЫ: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОРТАҚ ШЕШІМДЕР

2026 жылғы 30 қазанда Малынарымка ауылында тұрғындар жиыны өтті.

Жиын барысында ауылды абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, жергілікті өзін-өзі басқару қызметі, интернет-алаяқтықтың алдын алу және кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Әсіресе ауыл аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар ойын алаңын күтіп ұстау, жасыл желектерге күтім жасау, жылыту маусымына дайындық және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тұрғындар өз ұсыныстарын білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ауылдың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

🤝 Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана ауылымызды таза, қауіпсіз әрі баршаға жайлы мекенге айналдыра аламыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-solonov/press/news/details/1321941?lang=kk