Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті

2026 жылғы 29 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Осыған орай тұрғындардың дәрігерлерге қабылдауға жазылу мүмкіндігін кеңейту және медициналық көмек күту уақытын азайту бағытындағы жұмыстарды жандандыру жоспарлануда. Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарға электрондық жазылу платформасындағы кедергілерді жоюды, мамандардың қабылдау уақытын көрсететін кестелерді тұрақты түрде өзектендіруді, сондай-ақ емхана басшыларының медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.

Аталған мәселе Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысқан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында талқыланды.

Медициналық бақылау комитеті жүргізген мониторинг қорытындылары бойынша қаладағы бірқатар медициналық ұйымдарда көрсетілетін көмектің қолжетімділігіне қатысты оң өзгерістер байқалған. Атап айтқанда, №35 қалалық емхана, «АСМЕД Мынбаева», Almaty Clinic және Open Medical Channel медициналық ұйымдарында дәрігерлердің қабылдау кестелерін орналастыру бойынша бұған дейін анықталған кемшіліктердің басым бөлігі түзетілген.

Дегенмен, жекелеген медициналық ұйымдарда бейінді мамандарға электрондық жүйе арқылы дербес жазылу мүмкіндігін шектеу, сондай-ақ дәрігерлердің қабылдау кестелерін ұйымдастыру барысында олқылықтарға жол беру фактілері сақталып отыр.

Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарға азаматтардың дәрігер қабылдауына кедергісіз жазылуын қамтамасыз етуді және медициналық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру тиімділігін одан әрі арттыруды тапсырды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1321935?lang=kk