«Алтай Өскемен» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы 2026 жылғы маусымын сәтті аяқтады. Алматылық «Қайратқа» қарсы өткен соңғы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың 82-минутында көзге түскен Елисей Горшуновтың голы командаға маңызды ұпай сыйлады.
Чемпионат қорытындысы бойынша «Алтай» турнирлік кестеде 14-орынға тұрақтап, алдағы 2027 жылғы маусымда да жоғарғы дивизионда өнер көрсету міндетін абыроймен орындады.
Маусым бойы командаға жанкүйер болып, қолдау көрсеткен барша қауымға алғыс айтамыз!