Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы «Ұзынағаш мал базары» аумағында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және экстремизмге алдын алуға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.
Аталған шараны ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, білікті дінтанушы Әбдіхамитов Бақдәулет Халилуллаұлы жүргізді.
Бұл жолы алдын алу жұмыстарының нысаналы тобы ретінде базар аумағындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен келушілердің таңдалуы терең стратегиялық негізге ие. Сауда саласындағы қарбалас ортада жүрген тұлғалар, жұмыс графигінің тығыздығына байланысты, арнайы жиындарға қатыса алмайды. Сондықтан азаматтардың өз жұмыс орындарында ақпарат алуын қамтамасыз ету басты міндет ретінде қойылды.
Осы мақсатта арнайы радиорубка (ішкі радиоторап) форматы қолданылды. Дінтанушы маман тікелей базардың дыбыс зорайтқыш байланыс жүйесі арқылы эфирге шығып, сауда нысанындағы 1500-ге жуық адамға бір мезгілде ақпарат таратты.
Радиоэфир барысында маман экстремистік ұйымдардың жасырын белгілері, интернеттегі және мессенджерлердегі күмәнді виртуалды уағыздардың қаупі, сондай-ақ заңсыз діни әдебиеттерді таратудың құқықтық зардаптары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Аудио-дәріс базардың барлық периметрін қамтып, азаматтардың сауда процесінен қол үзбей, маңызды мәліметтерді тыңдауына жағдай жасады.
Сонымен қатар, бұл ашық аспан астындағы (open air) акция аясында саудагерлер мен келушілердің қолдарына заңнамалық нормалар мен сенімді ақпарат көздерінің тізімі көрсетілген ақпараттық-анықтамалық парақшаларды жаппай таратты.
Радио хабар таратумен қатар, базар әкімшілігінің орталық нүктесінде мобильді «сұрақ-жауап» алаңы ұйымдастырылды. Радио арқылы хабарламаны естіген азаматтар өздерін мазалаған өзекті сұрақтарымен маманға тікелей келіп, заң шеңберіндегі ғылыми негізделген жедел кеңестер алды.
Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды