Жастар экстремизмге қарсы

Жастар экстремизмге қарсы

Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Талғар политехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен «Жастар экстремизмге қарсы» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экстремистік ұйымдардың ықпалына түсуінің алдын алу және экстремизмге қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Іс-шара ақпараттық-түсіндіру және ашық диалог форматында өтті. Бөлек интернет кеңістігіндегі діни ақпараттардың барлығы бірдей сенімді еместігі ескертіліп, тек ресми және тексерілген дереккөздерге сүйену қажеттілігі түсіндірілді.

Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1321920?lang=kk