ОРАЛДА АСЫҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ!

ОРАЛДА АСЫҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ!

Орал қаласында 2013–2015 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында асық атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

 

Республикалық додаға еліміздің 15 облысынан 125 жас спортшы қатысуда. Оның 70-і – ұл, 55-і – қыз. Жас спортшылар чемпионат барысында өзара мықтыны анықтап, жүлделі орындарды сарапқа салады.

 

Аталған жарыс ұлттық спортты дәріптеуге, жас ұрпақтың асық атуға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

 

Алдағы күндері чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1321879?lang=kk