Республика күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасының
кітапханашылары аудандық «Жастар» мәдениет үйінің фойесінде
орналастырылған «Қазақстан: кітаптар мен БАҚ қалыптасу тарихы» атты
кітап көрмесіне шолу өткізді. Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады. Онда ежелгі
дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-
дәстүрлері мен жетістіктері туралы әдебиеттер мен деректі материалдар
ұсынылған. Көрменің мақсаты – оқырмандардың туған елінің тарихына деген
қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және
Қазақстанның қалыптасу жолымен таныстыру.
Қазақстан: кітаптар мен БАҚ-тағы қалыптасу тарихы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1321877?lang=kk