Құрметті Саран қаласының тұрғындары!
«Саран қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ «Некеге дейінгі оқыту» жобасының алғашқы қатысушылар тобына қабылдау жариялайды!
Оқытуға некеге тұруды жоспарлап жүрген жұптар, сондай-ақ некеде тұрғанына 5 жылдан аспаған ерлі-зайыптылар шақырылады.
📅 2026 жылғы 27–31 қазан
Бағдарлама 5 негізгі модульден тұрады. Сабақтарды өз саласының 5 жоғары білікті спикері жүргізеді.
Қатысушылар отбасылық қарым-қатынас, репродуктивті денсаулық, құқықтық және қаржылық сауаттылық, эмоционалдық интеллект және тиімді қарым-қатынас дағдылары бойынша пайдалы білім алады.
🎓 Оқыту аяқталғаннан кейін сертификаттар табысталады.
📍 Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85А
📞 +7 (700) 251-82-43
«НЕКЕ АЛДЫНДАҒЫ ОҚЫТУ» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1321872?lang=kk