Құтқарушылардың дене дайындығы сыналды

Құтқарушылардың дене дайындығы сыналды

Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамы дене дайындығы мен кәсіби шеберліктерін сынақтан өткізді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы кәсіби дене шынықтыру дайындығы мен өрт-құтқару дайындығы бойынша сынақ тапсырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер мен әскери қызметшілердің күнделікті қызметтік міндеттерін орындауға қажетті дене дағдыларын қалыптастыру, физикалық төзімділігі мен кәсіби даярлық деңгейін арттыру. Сынақ барысында жеке құрамның дене шынықтыру дайындығы бағаланып, өрт-құтқару дайындығы бойынша белгіленген нормативтерді орындау деңгейі тексерілді. Қызметкерлер өздерінің күш-қуатын, шапшаңдығы мен төзімділігін көрсетті. Мұндай дайындық сабақтары құтқарушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет етуіне және қызметтік міндеттерін сапалы орындауына ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1321837?lang=kk