Жиделіарықта «Цифрлық оқырман бұрышы» ашылды
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының аясында Жиделіарық ауылдық округі әкімдігінде (М.Мәметова көшесі,22 ғимарат) «Өзіне-өзі қызмет көрсету» форматындағы «Цифрлық оқырман бұрышы» ашылды. Мұнда ноутбук, принтер және камера орнатылған.
Бұрышқа келген оқырмандар марафонның арнайы сайтына кіріп (https://reading-nation.kz/), оқыған кітабы туралы пікірін өздері жаза алады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде кітап туралы жарияланған постының сілтемесін сайтқа жүктеуге, электронды кітаптарды ноутбуктен оқуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар ауыл әкімдігінің мамандары кітап туралы бейнеролик түсіргісі келетін оқырмандарға көмек көрсетеді. Видео марафон алгоритміне сай түсіріледі: қатысушыға түсіру тәртібі түсіндіріліп, қажетті техникалық жағдай жасалады.
Бұл бастама әр тұрғынның марафонға цифрлық форматта қатысуына жағдай жасау мақсатында қолға алынды.
«Цифрлық оқырман бұрышы марафонға қатысушылар санын арттырып, кітап оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Тұрғындар «Цифрлық оқырман бұрышына» келіп, марафонға еркін қатыса алады.
#Кітапоқитынұлт
#ҚызылордаШиеліЖиделіарық