Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі

2026 жылғы 27-30 қазан аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты - оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резерв қалыптастыру.
Олимпиада математика, физика, биология, химия, география және информатика пәндері бойынша өткізілді.
Зияткерлік сайысқа 412 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 187 жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, 13 оқушы I дәрежелі, 49 оқушы II дәрежелі дипломмен марапатталса, 125 оқушы III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1321828?lang=kk