Күзгі каникул кезеңінде, 2026 жылғы 27–30 қазан аралығында Павлодар қаласының «Жігер» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Балшуақ» бөлімінде каратэден «Учидэси» оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Төрт күн бойы 6 мен 18 жас аралығындағы жас спортшылар өз шеберліктерін шыңдап, дене және техникалық дайындық деңгейлерін арттырды.
Жаттығу бағдарламасына жалпы және арнайы дене дайындығы, каратэнің негізгі әдіс-тәсілдерін меңгеру, ката жаттығуларын жетілдіру, жұппен жұмыс істеу және жекпе-жекке дайындық кірді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау мен спорттық әдепке ерекше көңіл бөлінді.
Мектеп каникулы кезеңінде осындай іс-шараларды өткізу балалардың бос уақытын мазмұнды әрі белсенді ұйымдастыруға, денсаулығын нығайтуға, өзін-өзі тәртіпке баулуға, жауапкершілігін арттыруға және спорттық жетістіктерге ұмтылысын дамытуға ықпал етеді.