🔹️ Бүгін аудан әкімі Сәкен Займолдин Қайыңды ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендегі әлеуметтік және шаруашылық нысандардың жұмысымен танысты.
🔸️ Жұмыс сапары барысында аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайын, атқарылып жатқан жұмыстарын және алдағы жоспарларын зерделеді. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерге назар аударды.
🔹️ Сапар аясында аудан әкімі бастаған жұмыс тобы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекеннің өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹️ Сондай-ақ аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті сала басшыларына қарау және шешу жолдарын қарастыру жөнінде тапсырмалар берілді.
🔹️Сонымен қатар аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласына да көңіл бөліп, "Азамат" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалық өкілдері шаруашылықтың қазіргі тыныс-тіршілігі, өндірістегі жетістіктері мен кездесіп отырған мәселелері жөнінде баяндады.
📌 Мұндай жұмыс сапарлары ауыл тұрғындарымен тікелей байланыс орнатып, елді мекендердің даму барысын бағалауға және халықты толғандырған мәселелерді уақытылы шешуге бағытталған.